Селолық округтер
Балқаш ауданы бойынша 15 селолық округтер орналасқан:
Балқаш ауданының Бақанас селолық округінің әкімі Ұйқасбаев Дүйсебай Кездікбайұлы – 1959 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1982 жылы Талдықорғанның индустриалды-педагогикалық техникумын бітіріп, техник-механик, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын 2005 жылы аяқтап, тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2010 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Бақанас селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Бірлік селолық округінің әкімі: Айтымбетов Болат Тәңірбергенұлы – 1963 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Желтораңғы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1986 жылы Алматы индустриалдық техникумын аяқтаған, Қазақ ұлттық аграрлық университетін 2010 жылы аяқтап, инженер мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2008 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Бірлік селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Құйған селолық округінің әкімі Ахметов Кәдірхан Қаскенұлы – 1958 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Құйған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын 1979 жылы аяқтап, физика пәнінің мұғалімі мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2005 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Құйған селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Ақжар селолық округінің әкімі Қалисанова Ғалия Еркеғалиқызы – 1955 жылы Орал облысы Каменка ауданы Мартынов селолында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтын 1977 жылы аяқтап, орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 1997 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Ақжар селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Миялы селолық округінің әкімі Сатпаев Қали Алтынбайұлы – 1957 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында дүниеге келген. Білімі арнайы орта, Талғар ауылшаруашылық техникумын 1985 жылы аяқтап, техник-механик ұйымдастырушы мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2011 жылдың қазан айынан Балқаш ауданының Миялы селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Ақдала селолық округінің әкімі Махметов Ерболат Молдакейұлы – 1961 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Қарабек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын аяқтап, агроном мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2008 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Ақдала селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Балатопар селолық округінің әкімі Қамаубаев Қанат Сейсенбайұлы – 1958 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын 1992 жылы аяқтап, зооинженер мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2006 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Балатопар селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Көктал селолық округінің әкімі Омаров Кәдірбек Тыныншбалаұлы – 1961 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Талғар ауылшаруашылығын механикаландыру техникумын 1982 жылы бітіріп, техник, Алматы үздіксіз білім беру университетін 2002 жылы аяқтап, экономист мамандықтарын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2005 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Көктал селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Топар селолық округінің әкімі Әденов Асылхан Кертайұлы – 1961 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы индустриалды техникумын 1980 жылы аяқтап, техник-механик мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2001 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Топар селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Желтораңғы селолық округінің әкімі Мырзахметов Мұрат Сағынтайұлы – 1960 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Желтораңғы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын 1994 жылы аяқтап, зооиженер мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2008 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Желтораңғы селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Жиделі селолық округінің әкімі Түймебаев Айдархан Мырзахасымұлы – 1978 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Мемлекеттік Қ.А.Ясави Халықаралық Қазақ-Түрік университетін 2004 жылы аяқтап, заңгер мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2010 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Жиделі селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Қарой селолық округінің әкімі Іргебаев Тайбек Оңғарұлы – 1957 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Қарой ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1987 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын аяқтап, экономист ұйымдастырушы мамандығын алған. Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2009 жылдың наурыз айынан Балқаш ауданының Қарой селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Бақбақты селолық округінің әкімі Жусанбаев Нұрлан Керімбекұлы – 1961 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1981 жылы Алматы гидромелиоративтік техникумын бітіріп, гидротехник, Қазақтың бағалау және құрылыс академиясын 2007 жылы аяқтап, сарапшы-бағалаушы мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2008 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Бақбақты селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Береке селолық округінің әкімі Тәжіқұлов Ерлан Амангелдіұлы – 1969 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1993 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын 1993 жылы аяқтап, инженер-гидротехник мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2009 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданының Береке селолық округінің әкімі қызметін атқарады.
Балқаш ауданының Ақкөл селолық округінің әкімі Жылгелдиев Әбікен Қошымұлы – 1958 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Білімі арнайы орта, 2009 жылы гуманитарлы-экономикалық колледжін аяқтап, қаржыгер мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2011 жылдың қаңтар айынан Балқаш ауданының Ақкөл селолық округінің әкімі қызметін атқарады.