Білім


 

 

Бөлім бастығы – Нүрпеисова Назым Омарханқызы

 Білім мәселелері жөніндегі азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етеді, аймақтық, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, мектеп жасына дейінгі, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, жалпы орта білім беру мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, ауданда білім жүйесінің мемлекеттік тұрғыда қызмет етуін қамтамасыз етеді, қоғам талабының өзгерісіне сай жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес оның дамуын әлеуметтік тұрғыда қорғайды, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар мен оқушы жастарды, білім саласы қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

        Аудан бойынша дене тәрбиені және спортты дамыту мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, ауданда дене тәрбиесі мен спортты дамыту жүйесінің мемлекеттік тұрғыда қызмет етуін қамтамасыз етеді, аудандық білім бөлімімен,  ауылдық округтерімен бірлесіп, белгіленген әкімшілік-аймақтық бірлікте спортпен шұғылдану жұмыстарын ұйымдастырады, балалар мен жастардың, ересектердің спортпен шұғылдануына ықпал етеді, салауатты өмір салтын ұстануға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Мекен-жайы: Балқаш ауданы, Д.Қонаев атындағы көшесі, 72
Телефоны: 8 (72773) 91111, 91370  http://www.balhashroo.ucoz.ru

 

 

Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің 2011 жылында «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында аудан білім мекемелеріне жаңа технология мен инновацияны кеңінен енгізу, жалпыға бірдей міндетті білім беру Заңының орындалуын қадағалау, оқу-тәрбие үрдісін басқару мен бақылау» өзекті мәселесі бойынша жұмыстар атқаруда.
2011 – 2012 оқу жылының аяғында ауданның білім мекемелерінде  5436 оқушыдан құрылған 20 орта мектеп, 1 мектеп - интернат, 4 шағын жинақталған бастауыш мектеп жұмыс жасауда. 1- 4 сыныпта -2068, 5- 9 сыныпта – 2523, 10-11 сыныпта 845 оқушы білім алуда.Бақанас мектеп –интернатында 139 оқушы бар. Мектеп алдыдаярлықта 31 сынып 530 бала, 527 оқушы 1 сыныпқа келді. 2010-2011 оқу жылының білім сапасы 45,7 пайыз, 1259 үздік, 1301 екпінді оқушы оқу жылын аяқтады. 20 мектептің 19 мектебінде асхана және 1 мектепте буфет (Көкжиде орта мектебінде) жұмыс жасайды.
 Аудан бойынша 11 сынып бітірушілердің саны – 448. 2011 жылғы ҰБТ-ке 417 оқушы қатысуға өтініш берді. ҰБТ-ке қатысатын 417-і оқушының 416-ы қатысты - 1 оқушы Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебінің  11 «в» сынып оқушысы Амангелдиева Айғаным Асқарқызы  халықаралық ғылыми олимпиаданың 2 орын иегері болғандықтан,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 27.05.2011 жылы №217  бұйрығы негізінде ҰБТ-тен босатылған. Ұлттық бірыңғай тестке қатысқан 416 оқушының 380-і қазақ сыныбынан, 36-ы орыс сыныбынан қатысты. Аудан бойынша түлектердің ҰБТ-ке  қатысу пайызы - 92,9. «Алтын белгі» белгісіне үміткер ретінде 19 оқушы ұсынылды, оның ішінде 15-і «Алтын белгі» белгісін дәлелдеді, үздік аттестатқа 11 оқушы ұсынылған, оның 2-і өз білімдерін дәлелдеді.
11 сынып бітірген 448 түлектің 278-і жоғарғы оқу орнына, оның ішінде 104  грантқа, 95 түлек колледжге, оның ішінде 24  колледждің грантына, 16 түлек кәсіптік мектепке, 1 оқушы денсаулығына байланысты  облыстық туберкулездық ауруханада жатыр, 58 түлек жұмысқа орналасты.  
9 сынып бітірген 575 түлектің 109 түлек колледжге, оның ішінде 35   колледждің грантына, 65 түлек кәсіптік мектепке, 401 оқушы 10 сыныпқа келді.
Аудан білім мекемелерінде 882 педагог еңбек етуде. Оның  740-ы жоғары білімді, 101 мұғалім арнаулы орта білімді, аяқталмаған жоғары білімді мұғалімдер саны-36, 1 орта білімді. Біліктілігі жоғары санатты мамандар -81, І санатты – 259, ІІ санаттағы – 237, санатсыз -305 мұғалім. Биылғы оқу жылында педагогтар 28 жас маманмен толықтырылды.
Жетіспейтін кадр саны – 19. Биылғы оқу жылындағы өте қажетті пән мұғалімі орыс тілі мен әдебиеті орыс және қазақ сыныптарындағы 8 маманға сұраныс бар. Жетіспейтін мамандарға сұраныс облыстық білім басқармасына, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіне, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық Университеттеріне жасалған.
Аудан  мұғалімдерінің  кәсіби  біліктілігін  арттыру  жұмыстары жүйелілікпен жүргізіліп келеді. Оқу жылының басынан   мұғалім  АОМКДИ –ында,     мұғалім ББжКБАРИ –да біліктіліктерін көтерді.
2011-2012 оқу жылында жоғары санатты бекітуге – 25, растауға – 6 мұғалім, І санатты бекітуге – 47, қайта бекітуге – 23, ІІ санатты бекітуге – 63, қайта растауға – 10 мұғалім өтініш білдірді, өтініштері қабылданып, мәліметтері облыстық білім басқармасына жіберілді.
`                      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу жүйесі туралы мәліметтер
                   Ауданның мектепке дейінгі тәрбие мен оқу жүйесінде 500 бала қамтылған («Арман» Бақбақты ауылы, «Жасұлан» Бақанас ауылы, «Балауса» Ақдала ауылы) 3 балабақша, 560 бала қамтылған (Н.Бозжанов ат.о.м, Үлгілі о.м, Ж.Бәрібаев ат.о.м, Береке о.м, Ы.Алтынсарин ат.о.м, №2 Жамбыл ат.о.м, Д.Қонаев ат.о.м, Қарағаш о.м, Ә.Ахметов ат.о.м, Топар о.м, Жиделі о.м,  Ақкөл о.м,  Бірлік о.м, Аралтөбе о.м, Көкжиде о.м, Үшжарма о.м.) 16 шағын орталықтар жұмыс істейді.
          «Балапан» бағдарламасының аясында жылдың аяғына дейін 3 балабақша (Миялы ауылында 100 орындық «Балдәурен, Қарой ауылында 80 орындық «Бөбек», Бірлік ауылында 140 орындық «Толғанай») қолданысқа беріліп, ашылып отыр.
           2011-2012 оқу жылында мектепке дейінгі мекемелерде балалардың қамтылуы /3-6жас/ - 52,5% құрайды.
         Ауданда 0-7 жас аралығындағы бала саны - 5089, оның ішінде қазақ балалар – 4870, орыс балалары – 150, басқа ұлт өкілдері – 69.
          Ауданның мектепке дейінгі тәрбие және оқыту сатысында бүгінгі таңда - 137 педагог еңбек етуде. (Оның жоғары білімді – 55,  аяқталмаған жоғары - 20,  арнаулы орта білімді - 54. Жалпы орта білімді-8. Біліктілік санаты бойынша жоғары санатты - 0, бірінші санатты - 8, екінші санатты -25, санатсыз – 104).
Балқаш аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті аудан мектептерінің және мұғалімдерінің ғылыми - әдістемелік орталығы болып табылады. Білім беру саласын реформалау, ұлттық білім беру моделін қалыптастыру мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне негізделеді. Аудандық әдістемелік кабинет «Білім мазмұнын жаңартуда мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын арттыруға жағдай жасау» атты проблемалық тақырыпты басшылыққа алды. Осы проблеманы жүзеге асыруда «Әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, мұғалімдердің кәсіби құзырлық және педагогикалық шеберлік деңгейлерін үздіксіз жетілдіру» атты мақсатпен және төмендегі міндеттерді алға қойып жұмыс жүргізді.

 Педагог-мамандардың кәсіби шеберліктерін арттыру, дайындық курсынан уақытылы өтулеріне көмек көрсету;

 Жеке пәндер бойынша көшпелі курстар ұйымдастыру;

Мектептердегі жалпы әдістемелік жұмыстардың пән бірлестіктерінің жұмыстарының жүргізілуін бақылау, әдістемелік көмек көрсету;

Тәжірибе алмасу, педагогика саласындағы жаңалықтармен танысу, білім технологияларын оқып үйрену мақсатында аудандық пән семинарларын, дөңгелек үстел, конференциялар кәсіби байқаулар ұйымдастыру, жоғары деңгейде өтілуін қамтамасыз ету;

  Озық іс-тәжірибені анықтау, зерттеу, насихаттау жұмыстарын жүргізу; педагог мамандардың шығармашылық жұмыстарын, үздік сабақ үлгілерін баспа бетіне жариялауға ықпал ету;

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;

Пән олимпиадасының жоғары деңгейде өтіліуін қамтамасыз ету;

  Жас мамандардың кәсіби тұлғаларын қалыптастыруға, кәсіптік шеберліктерін көтеруге көмек көрсету.

Педагог мамандардың оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі тиімді әдістерді игеруі, шығармашылықпен еңбек ету ұмытылыстарын арттыру мақсатында жұмыс істеу аймақтары- ұстаздардың кәсіби деңгейінің өсуі, білімін жетілдіру, АОМКДИ, ББЖКБАРИ институттарымен байланыс, пән бірлестіктерімен жұмыс, жас ұстаздар мектебі, озат тәжірибе мектебі, шығармашылық топ, дарынды оқушылармен жұмыс, әдістемелік қызмет, инновациялық білім және ақпараттық технологиялар, ЖОО байланыс болып табылады.
 Әдістемелік кабинетте кабинеттің меңгерушісі және 5 әдіскер жұмыс істейді.  Олардың барлығы  да жоғары білімді.

Мұғалімдердің кәсіптік шеберліктерін жетілдірулері білім бөлімі  тарапынан тұрақты назарда болады.  2011 оқу жылында аудан бойынша кәсіби біліктілігін арттыру курсынан барлығы 241  педагог,  сонымен АОМКДИ ұйымдастырған  көшпелі курстан 150 мұғалім.  АОМКДИ-ты мен Самара институтымен бірлесіп ұйымдастырған біліктілік санатын арттыру сессиясына Көкжиде орта мектебінің психологі Саймасаева Лаура білімін жетілдіріп қайтты, 2 мұғалім Республикалық институтта,  Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтының базасында 35 мұғалім өз білімдерін арттырды.     «Орта және шағын жинақталған орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңарту жолдары» тақырыбында мамыр айында көшпелі курс ұйымдастырылып, ауданның 51 бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің кәсіби біліктілігін аттырын, курстан өтті.
Аудан    мектептерінде  эксперименттік  - тәжірибе  жүргізілуде.  Республикалық ғылыми –эксперимент жұмысы 2010-2013 оқу жылына Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте  «Халықаралық сапа стандарты контекстінде мектептің оқу–тәрбие процесін басқаруды 

            педагогикалық құрастыру» тақырыбы бойынша ғылыми жетекшісі п.ғ.к.,доцент  Орақова Амангүл Шахарбекқызы ғылыми –эксперимент жұмысы жүргізілуде. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының ғылыми жетекшілігімен «Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру –нәтижеге бағдарланған  білім беру шарты» тақырыбы бойынша ауданымызда Д.Қонаев атындағы орта мектебі мен №1 Жамбыл атындағы орта мектебі ғылыми- эксперимент жұмыстары 2010-2014 жылдырына жоспарланып жүргізілуде. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының педагогикалық менедмент кафедрасының меңгерушісі Майра Уалиқызының ұйымдастыруымен, Д.Қонаев 100 жылдығына толуына байланысты,Д.Қонаев атындағы орта мектебінде облыстық семинар өткізілді.
Жыл сайын мұғалімдер арасында «Жыл мұғалімі», «Сынып жетекшісі», «Үздік бейнефильм», «Алтын диск» сияқты байқаулар өткізіледі.
«Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2011» облыстық байқауға Ақдала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұқанова Динара қатысып, ынталандыру сыйлығын иеленді . Информатика мұғалімдерінің  ІV аудандық «Алтын диск» байқауының қорытындысымен Ә.Ахметов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Арыстанбекова Сәуле бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама  алды. Облыстық кезеңінен ІІІ орынды иеленді. «Үздік сынып жетекші 2011» байқауы өткізілді,  нәтижесінде бас жүлдені Үлгілі о.м. 3 сынып жетекшісі Алпарова Файзулла Құрамақызы жеңіп алып, облыстық кезеңге қатысып, сертификат алып қайтты.  «Үздік ауыл мектебі – 2011 » байқауының облыстық кезеңіне №2 Жамбыл атындағы орта мектеп қатысып алғыс хатқа ие болды. Қапшағай қаласында өткен «Жер жұмағы – Жетісу » атты облыстық өңірлік экологиялық форумына жіберілген аудан командасы жүлделі үшінші орынды иеленіп.
  2011  оқу жылында Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты тарапынан облыс көлемінде «Бейінді оқытуды ұйымдастыру» тақырыбындағы бейіндік пәндер бойынша авторлық бағдарламалар енгізілген жинақта Б.Бейсекбаев ат.о.м мұғалімдері Сейсенбаева Г, Әлімбаева Ж, Сматаева Н, Салимбаева А. Д.Қонаев а.о.м Қағазбекова М.
Дарындылықты анықтау  ол – олимпиадалар, оқушылардың ғылыми жарыстары, конференциялар, байқаулар өткізу арқылы анықталады.
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті қазақ тілін оқыту сапасын арттыру мақсатында «КATEV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық  олимпиадасы өткізілді.Ақкөл орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Нұртай Мөлдір облыстық кезеңге қатысып ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
2011 жылдың  қаңтар айының   14 – 15 аралығында Бақанас орта мектебінің базасында  жалпы білім беретін пәндер  бойынша   аудандық  олимпиада өткізілді. Олимпиадаға ауданның барлық мектептерінен  301 оқушы қатысты.  Олимпиада 14 пән   бойынша жүргізілді.   Нәтижесі төмендегідей:
Облыстық кезеңге қатысқан 17 оқушының 3 – 2 орын, 5 – 3 орын, 1 – 1 орынға ие болды. 1 орынға ие болған  Ақкөл о.м. 11 сынып оқушысы Нұртай Мөлдір  Қостанай  қаласында  өткізілген  Республикалық  олимпиадада  2-орын  иегері  атанды.