Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының директоры
.jpg)
Қапсаланова Нұрия Тайпқызы
Балқаш ауданы әкімінің аудандық
кітапханасының қысқаша тарихы
Қазан төңкерісінен кейін , Іле – Балқаш өңірінде жаңа мемлекеттік құрылымдар пайда
болды . 1928 жылы қыркүйек айында Алматы Губкомына қарасты Балқаш ауданы
құрылды .
Аудан орталығы – Бақанас ауылы .
Аумағы – 37,4 мың шаршы км .
Халқы – 32 ,9 мың адам .
Елді мекендер саны -33
Селолық округтер саны – 15
Кітапханалар – 14
1. Аудандық кітапхана
2. Ақдала ауылдық кітапхана
3.Ақкөл ауылдық кітапхана
4. Ақжар ауылдық кітапхана
5. Бақбақты ауылдық кітапхана
6. Береке ауылдық кітапхана
7.Бірлік ауылдық кітапхана
8. Балатопар ауылдық кітапхана
9 .Желтораңғы ауылдық кітапхана
10. Жиделі ауылдық кітапхана
11. Көктал ауылдық кітапхана
12. Қарой ауылдық кітапхана
13. Құйған ауылдық кітапхана
14. Топар ауылдық кітапхана
.jpg)
Ауданның экономикасы мен мәдениетінің өсіп - өркендеуіне Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы , Д.А.Қонаев зор үлес қосты . Аз жылдың ішінде
экономикасы мен мәдениеті өркендеген алдыңғы қатарлы аудандар санына қосылды .
1964 – 1965 жылдары аудан орталығында 400 орындық мәдениет үйі , 27 кітапхана
жұмыс істеп - 1997 ж . дейін қызмет көрсетілді .
1998 жылдары Балқаш ауданында оңтайландыру мақсатымен ауылдық кітапханалар, аудандық Мәдениет үйінде орналасқан балалар кітапханасы қысқартылып , аудандық кітапханаға біріктірілді .
1995 ж кітап қоры 90976 кітап қоры орысшасы
1991 жылы елімізде үлкен өзгеріс болып , бұрынғы Кеңес үкіметі , ыдырап , әр республика өз алдына жеке мемлекет болып құрылды . Ата – бабамыз аңсаған арманы орындалып , Қазақстан Республикасы өз алдына егеменді ел болып құрылды .
1997 жылы Республика Президентінің шешімімен кейбір аудандар іріленді . Осыған сәйкес Алматы облысының Балқаш ,Күрті аудандары біріктіріліп , Балқаш ауданы болып
құрылды .
2007 жылы біз үшін қай жағынан болса да маңызды . Алғашқы рет мемлекеттік дәрежеде « 2007 – 2009 жылдардағы кітапхана жүйесін жаңарту бағдарламасы» шеңберінде Қазақстанның әлемдегі өз орнын айқындаған шағында , қазіргі кітапхана өзінің күрделі ақпараттық технологиясы қайта қалпына келтіріліп , оқырмандардың сұраныстарына заман талабына сай қызмет көрсетілуде .
2011жылы кітапханаға 2 штат бірлігі беріліп Ақкөл, Құйған ауылдарында кітапхана ашылды.
Балқаш аудандық кітапхана 2012 жылға 343,0 мың теңгеге мерзімді баспасөз басылымдарына жазылды. Барлығы – 78 дана.
Бүгінгі уақытқа дейін Балқаш уданы әкімінің аудандық кітапханасының жалпы кітап қоры - 116599 дананы құрайды, оның ішінде ауылдық жерде – 63220 дана.
Кітап қоры 2011 жылы С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасынан -5059 дана жаңа кітаптармен толықтырылды.
Аудандық кітапхана интернет жүйесіне қосылды. 2011жылдың қаңтар айынан «КАБИС» программасы енгізілді.
Оқырмандардың жаңа ақпараттық технология жетістіктерін – интернет ресурстарды ,
энциклопедия , сөздіктер мен анықтамалар коллекцияларын , балалар әдебиеті мен
көркем әдебиеттері өз оқырмандарына қызмет көрсетуде .
Аудандық кітапханада кітап қоры – 53379.
Оқырман саны – 12619.
Кітап берілімі – 154801.
Келушілер саны – 53784.
2011 жылдың сәуір айынан Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасына Капсаланова Нурия Тайпқызы басшылық етеді.