Аудан жәйлі


 


 

 

              Мемлекеттік тіл - ұлтымыздың басты құндылығы

 

Көшкімбаев Айтбай Жексембайұлы, аудан әкімі.

 

            Егемендікпен бірге ана тіліміз де өз мәртебесіне ие болды. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай,  аудан аймағы бойынша 2011 жылға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары аудандық Мәслихат сессиясында бекітіліп, тиісті шаралар ұйымдастырылып жақсы деңгейде өткізілуде.

       Үстіміздегі жылдың ақпанның 9 күні  қазақ поэзиясының асыл қазынасын өз жырымен толықтырған М.Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай  бірінші, «Хантәңірінің мұзбалағы М.Мақатаевтың 80 жыл толуы» -атты аудандық жазба ақындар байқауы ұйымдастырылды. Байқауда Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме, М.Мақатаевқа  арнаулар және Мұқағалидың туындылары оқылып, соңы Мұқағали әндері өз жалғасын тапты. Екінші, мектеп мұғалімдер арасында ақынның өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысы өткізілсе, үшіншіден «Жырлайды жүрек» тақырыбында ән байқауы жалғасты. Үш сайыстың қорытындысынан суырылып шыққан жеңімпаздардың арасынан Манакова Фарида облысқа жолдама алып, ақынның туған жері Қарасаз ауылында өткен республикалық байқауға қатысып, «Алғыс хатпен» және сыйлықтармен марапатталды.  28 ақпан күні Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына орай Жамбыл өмірі мен шығармашылығына арналған көрме,жыршы –термешілер арасындағы сайысқа  барлық селолық округтерінен 32 адам қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау жеңімпаздары заттай бағалы сыйлықтармен марапатталып, байқауда бас жүлдені жеңіп алған  Тілемисова Маргарита облыстық байқауға жолдама алды.Соңы көркемөнерпаздар тобының концерттік бағдарламасымен жалғасты. 

       Сондай-ақ барлық мемлекеттік мекемелер, ұйымдарда мемлекеттік тілдің жағдайы қадағаланып отырылады.  Арнайы тілге жауапты мамандар бұйрықпен бекітілген, тілдерді қолдану мен дамытуға арналған папкалары ашылған, сонымен қатар тілге байланысты стендтер мен бұрыштар ұйымдастырылған. Шыққан құжаттардың мемлекеттік тілде рәсімделуі басты  назарда ұсталып келеді.

       Аудан кітапханаларында «Тіл тағдыры-ел тағдыры», «Туған тілімізді ардақтайық», «Өз тіліңді құрметте» атты тақырыптарда кештер ұйымдастырылды. «Қазақ  тілім-ғажап  тіл», «Тіл-ұлттың киесі» атты  лекция кәсіптік  лицей,мектеп  ұстаздар, аудандық обаға қарсы күрес бөлімі, аудандық  әскери коммисариат арасында оқылды. Аудан жастары арасында «Тілге қолдау өз тегінен басталады» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аудан бойынша Бірлік ауылында өткен «Асыл сөз» тіл білгірлер сайысы өтіп, «Атамекен» тобы жеңіске жеткен.

            Ауданда сайыстармен қатар дөңгелек үстелдер және семинар-тренингтер үнемі ұйымдастырылып, жақсы деңгейде өтуі басты назарда. «Аудан ономастикасының өзекті мәселесі»-атты конференциясы, «Мекенжай тіркелімі» республикалық  ақпараттық жүйесін қалыптастыру және ономастикалық ахуалды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.      Сонымен қатар, «Ана тілің - арың бұл»  айдарымен Балқаш аудандық саяси- қоғамдық газетіне тұрақты мақалалар жазылып, жарық көріп барлығы 32 мақала шыққан болатын.  Мамыр айында ХҚКО мекемесінде өткен «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» мекемелер арасындағы  сайыстың жеңімпазы –Ербай Күмісбек облысқа  ұсынылып,  Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламсы аясында: «Балабақша. Мектеп. Жоғарғы оқу орны.» аудан жастары арасында пікірсайыс ұйымдастырылды.    

   Ауданда өткен «Тілдарын» байқауының жеңімпазы мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Нұрхожаева Айқыз, «Көркемсөз оқу шеберлері» -атты аудандық конкурсының жеңімпазы Жылгелдиев Фархат, «Тіл- халық жанын танудың кілті» - атты облыстық конкурсқа Топар орта мектебінің 11 сынып оқушысы Емельянова Татьяна,  «Тіл-татулықтың тірегі» -атты өзге ұлт өкілдері жастарының облыстық форумына қазақтелекоммуникацияның электрик-монтері Хасанов Ильдар, «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» -атты облыстық байқауға аудан әкімшілігінің «Тіл мерген» тобы сондай-ақ, «Үздік іс жүргізуші» облыстық байқауға санитарлық-эпидемиологиялық  басқармасының бас маман- заңгері  Жамалдинова Гүлназым облыста ауданымыздың намысын қорғап,«Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, ұлтын, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелейтін отбасының үлгісін  дәріптеу мақсатында «Мемлекеттік тіл және отбасы » атты отбасылық байқау 13 шілде күні аудандық мәдениет үйінде өткізіліп, Ақкөл селолық округтен келген Ғабдулловтар отбасы «Мақсұтым –тіл ұстартып өнер шашпақ...» -атты аудандық байқауының жеңімпазы Қайрат Рамазан.

Жалпы аудан көлемінде 15 іс шара мемлекеттік тілді насихаттауға арнайы ұйымдастырылса, соның ішінде 10 облыстық байқауға қатысқан.

 Аудандағы ономастикалық атауларды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. «Мекен-жай тіркелімі» республикалық ақпараттық жүйесіне ауданның әкімшілік аумақтық бірліктерінің толық және дұрыс жүйесін қалыптастыру үшін аудандағы 15 селолық округ, 12 елді мекенді және аудан бойынша 230 көшені  мекен-жай тіркеліміне енгізілді. 15 селолық округтің және 12 елді мекеннің шешімдері облыстық мұрағаттан табылды. 30 көшенің шешімі аудандық мұрағаттан табылса, аудан әкімі жанынан құрылған қоғамдық ономастикалық кеңестің отырысында 200 көшеге ұйғарым шығарылды. Балқаш ауданы бойынша мекен жай тіркелімі 100%-ға орындалып отыр. 

 

 

               Тарихымен шаттанған, тұлғалармен мақтанған,

өркенде  Балқаш елі бақ қонған!

 

 

 

Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаев

- көзі тірісінде – ақ  әулие атанған ірі  мемлекет және  қоғам қайраткері. Советтер  Одағы Орталық Партия  Комитеті  саяси  бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық  Комитетін ұзақ жылдар басқарған. Республикамыздың тарихында өзіндік орны бар қайраткер.Кезінде Орта Азия Республикаларына да шарапатын тигізіп, олардың әлеуметтік- мәдени дамуына да қанатымен су сепкен қарлығаштай шарапатын тигізген болатын. Ғылым докторы.Академик. Үш мәрте Социалистік еңбек ері. Балқаш ауданынан 1967 жылдан бастап 4 рет қатарынан Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ауданның ғана емес бүкіл Қазақстанның өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосты. Ата-бабалары осы өлкеде туып өскен. Желтораңғы ауылында мұражайы бар. Ауданда 2 ескерткіш орнатылған.  

 

 

Бейсекбаев Бақтыораз –Балқаш ауданының Жиделі ауылында 1920 жылы туған.Ұлы Отан соғысының бесінші күні (1941ж.27.06) отқа оранған ұшағымен жаудың үстіне шүйіліп, фашист басқыншыларын көп шығынға ұшыратқан ер жүрек батыр. Жасаған ерлігі көп жылдар бойы капитан Гастелло экипажына танылып келген.Қазақстан Республикасының Халық  Қаһарманы, Ресей батыры.   Ауданда бір мектеп батыр атымен аталады. Ол мектепте  мұражайы да бар.

 

 


Крылова Нина Георгиевна - 1925жылы туған.  Балқаш ауданына 1939-1940 ж.ж. дәрігерлік қызметімен келген.Өмірінің саңына дейін Аудандық ауруханада дәрігер болған. Көп салалы дәрігер ретінде аудандағы елді мекендермен малшы,егіншілерді тексеру, емдеу жұмыстарымен тұрақты айналысып отырған. Сол еңбек  Мемлекет тарапынан жоғары бағаланып Кеңестер одағының Социалистік еңбек ері атағына ие болған 1995 ж ауыр  науқастан қайтыс болып Бақанас ауылында жерленген Көптеген ордендермен мақтау грамоталарының иегері.

 

 

 

Балтағұлов Ізбасар- Алматы облысы, Балқаш ауданы, Желтораңғы  ауылында туған. Философия   ғылымының   кандидаты, 1970-1986ж.ж.Алматы облыстық партия комитеті ұйымдастыру-нұсқау бөлімінің  меңгерушісі, Алматы  қаласы партия комитетьінің екінші хатшысы, Алматы облыстық  партия  комитетінің хатшысы, 1982-1987ж. республикалық  Казлито Басқармасының бастығы.1989 жылдан Ықылас атындағы республикалық халықтық саз аспаптары музейінің директоры, кейіннен құрметті директоры болды.  “халықтар достығы” , “Құрмет белгісі”, “Еңбек Қызыл ту” ордендерімен марапатталған. “Қазақстанға еңбегі сінген мәдениет қызметкері” 10 жылдан астам Байбітшілікті қорғау Қазақстандағы комитетінің  төрағасы. Ауданның Құрметті Азаматы.

 

 

 


Ахметов Әниятулла - 1925 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Көктал ауылында туған. Гвардия аға лейтенанты.16.12.1942-17.10.1945ж.ж. өкпеден  жарақат алып қайтарылған. Пулеметші,рота командирі, ІІ-топтағы соғыс мүгедегі. Елге оралған соң,1946ж аудандық атқару комитеті кадр бөлімінің бастығы, ауатком бастығының орынбасары, аупарткомның ІІ хатшысы, 04.1965ж бірінші хатшысы  болды. Осы қызметте 1984ж зейнеткерлікке шыққанға дейін істеген Осы жылдар ішінде ауданның  экономикасын көтеруге ерекше еңбек сіңірген.Аудан орталығында оның атымен  бір көше аталады. Көктал ауылындағы орта мектепке есімі берілген. Соғыста және бейбіт  күнде сіңірген еңбектері үшін:І-ІІ дәрежелі “Отан соғысы”, “Құрмет  белгісі”, “Еңбек қызыл ту”, “Октябрь революциясы” ордендерін алған және көптеген медальдармен марапатталған.

 

 

 

Өксікбаев Омархан Өксікбайұлы  - 1954 жылы Бақанас аулында туылған. Бақанас орта мектебін (1971ж.), Алматы ауылшаруашылық институтын (1975 ж.) бітірген. Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист (1979 ж.), Алматы су игеру басқармасы экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы (1980ж.), ҚР қаржы министрлігінің бас бақылау басқармасында аға тексеруші, бөлім бастығы, бас басқармасының орынбасары. Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (1997), ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комисиясының мүшесі (1999ж.), ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысының орынбасары (2000 ж.), хатшысы қызметтерін атқарған. Қазір Президент әкімшілігі есеп комитетінің басшысы.     

 

 


 Хван Сергей Григорьевич (1914-1983 ж.ж) Республикаға танымал ауылшаруашылығы маманы- ұйымдастырушысы. Социалистік Еңбек Ері.1965-66 жылдары Ақдала алқабын игеру басталғанда, бірінші құрылған «Бақбақты» совхозының директоры. Совхоз алғашқы жылы 458 гектар жерге күріш егіп, 802 тонна өнім алған.
Бақбақты ауылында С.Г.Хван атында көше бар.

 

         Бек Тоғысбайұлы  - 1936 жылы 10 ақпанда Балқаш көлінің оң. батыс жағалауындағы Көккөл деген аралда дүниеге келген.1952жылы  Бақанас орта мектебін бітіріп, Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетіне түсіп, оны журналистер мамандығы бойынша үздік белгімен тәмамдаған.Төртінші курс студенті Бек Тоғысбайұлы Республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі Жас алаш) газетіне қызметке шақыртылып, 1958 жылдың  көктемінен бастап, сол газетте әдебиет және өнер бөлімін басқарады. 1960жылда «Қазақ әдебиеті» газетінің  әдеби сын бөлім меңгерушісі,1961жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған.

1962-1964 жылдары   Москвадағы  Жоғары сценаристер курсында оқиды. 1964-1969 жылдары  «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі Парасат) журналында әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

1969 жылы қазіргі «Жалын »  журналының бірінші нөмерінен бастап, бас редактордың орынбасары  қызметін атқарады.

1970-1975 жылдары Қазақ СССР Мәдениет министрлігінде Өнер істері жөнінідегі басқарманың бастығы және коллегия мүшесі болып, жұмыс істеген. Б.Тоғысбайұлы –Қазақстан Жазушылар одағы, мәдениет министрлігі, баспасөз, радио, теледидар комитеттер бірігіп жарияланған әдеби конкурстардың жеті мәрте жүлдегері. Әдебиетті дамытуға сіңірген еңбегі үшін1986ж Қазақ СССР Жоғарғы Кеңес Президиумы, 1996 жылы Қазақстан Республикасының Сенаты оны «Құрмет» грамоталармен марапаттаған.2000 жылы Республика Президенті оны «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапаттады.Б.Тоғысбайұлы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.  

 

 

 

 

Күлмаханов Шалбай Күлмаханұлы – 1946 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы Құйған ауылында туған. Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. Инженер-құрылысшы, саясаттанушы. Институтты бітіргеннен кейін «Алматы мәдени тұрмыс, құрылыс» және «Алматыауылқұрылыс» трестерінде шебер, прораб, басқарма бастығы, трестің бас инженері, трест басқарушысы (1969-1982 жж.). Алматы қаласы, Әуезов аудандық халық депуттаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1982-1985жж.), Алматы қаласы халық депуттатары кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1985ж.). 1985-1988 жылдары Қазақстан Компартиясы Алатау аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1988-1989 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1992-1993 жылдары Ақтөбе облысы әкімшілігінің басшысы, 1993-1994 жылдары ҚР Мемлекеттік кеңесшісі, 1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінің басшысы, әкімі, 1997-2001 жылдары ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің төрағасы, 2001 жылдан Алматы облысының әкімі, 2005 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрі. Экономика ғылымының кандидаты. ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреатының алытын медалімен марапатталған. Алматы қаласының және Алматы облысының Құрметті азаматы. 1971-1981 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

 

 


 

    Көжеков Меймантай (1941ж-2011ж.)- Алматы облысы, Балқаш ауданы Бояулы   ауылында  туған. Бақанас орта  мектебін бітірген. Қазақстан республикасына еңбегі сіңген дәрігер. Дарынды нейрохирург. Қазақстан Республикасының денсаулық  саласында санаулы ғана адамдар марапатталған Алтын  скалпельдің иегері. Теңдесі жоқ білгір маман. М.Көжеков есімін нейрохирург ретінде достастық елдері арасында медицина  ғылымдары да ілтипатпен атайды.

 

Смағұлов Шалтай (1949-2003)  Алматы облысы, Балқаш ауданы, Жиделі ауылында  дүниеге келіп, Жиделі орта мектепті үздік бітірген. 1967 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне түсіп, үздік оқығаны үшін Новосибирскідегі мемлекеттік университетінде оқуын жалғастырған.Республика Президентінің қолдауымен «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» бағдарламасына сәйкес ғалымдар тобын ұйымдастырып, «Орта мектеп пәндері бойынша оқытуды ақпараттандыру технологиясы» бағдарламасын жасап, өзінің ғылыми жетекшілік жасауымен  қазақ тілі, биология, физика, математика, қазақстан тарихы пәндерін оқытудың мультимедиялық бағдарламалар кешенін білім беру ісінде жүзеге асырған. Ш.Смағұлов 15-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 8 монографиялық еңбек жазған. Ғалымның өзінің тікелей жетекшілік жасауымен 60-тан астам кандидаттық диссертация, 10 докторлық диссертацияның қорғалуы ғылым саласындағы адалдығы мен біліктілігі, табандылығы мен шыншылдығының нәтижесі.1984 жылы профессор атағын, 1994 жылы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған. 1996-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы математика және механика ғылыми зерттеу институтының  директорлық қызметін, 2011жылдан механика-математика факультетінің деканы болып қызмет атқарған.

 

 

Қожаханов Қасен (1944-1996) Алматы облысы, Балқаш ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген. Алматы медицина институтын үздік бітіріп, туған жері Бақанас орталық ауруханасында 1969-1971 жылдары жұмыс жас. 1971-1972 жылдары облыстық балалар ауруханасында клиникалық ординатураға оқуға түскен, сосын медицина институтының балалар хирургия кафедрасының ассисенті болып жұмыс істеген. 1979 жылы кандидаттық және 1991 ж докторлық диссертацияны қорғаған. 1988-1996 жылдары Алматы медицина институтының педиатрия факультетінің деканы, І  проректор және  өмірінің соңына дейін  балалар хирургия кафедрасының меңгерушісі   қызметін атқарған. Лауазымы Мемлекеттік сыйлықтың иегері,профилактикалық медицина академиясының академигі, медицина ғылымының докторы, профессор